Инновациялық технологиялар факультетінің студенттері мен магистранттары Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен кездесті


2018 жылдың 27 наурызы күні сағат 11.00 ҚарМТУ-дың бас корпусындағы  430 аудиторияда жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Инновациялық технологиялар факультетінің студенттері мен магистранттары Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен  «GOODZONE» коворкинг-орталығын ашудың маңызы төңірегінде пікірлерімен бөлісті.

Ресурстық орталығының өкілдері студент жастарға құрылмақшы орталықтың мақсаттары мен міндеттері, студенттер стартаптарын дамытуға қолдау көрсетудегі маңызы жайлы әңгімеледі.

Жиналған жастар арасында өз кәсібін ашам деушілер көп болды. Олар кездесу қонақтарымен кәсіпкерлікпен айналысу жөніндегі пікірлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеді.

«GOODZONE» коворкинг-орталығының ашылуы биылғы жылдың 4 сәуірі күні болмақ. Барлық студенттерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Без рубрики