III Республикалық ғылыми-практикалық конференция

27 қараша 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті  «Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері» атты III Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді

Конференцияға келесі секциялар жұмысы жоспарланады:

Секция 1. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» — Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағытын жүзеге асыру
Секция 2. 85-қадам – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу — жаңа Қазақстандық Патриотизмге тәрбиелеудің әдістемелік базасы
Секция 3. Қазақстандықтардың рухани және мәдени ұзақ мерзімді идеологиялық басымдықтары: стратегиядан жүзеге асыруға дейін

Конференцияның қатысу тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Конференция жұмысына қатысуға ниет білдірушілерден 2015 ж. 10 қарашаға дейін ұйымдастыру алқасына:

- ұсынылған үлгі бойынша мәлімдемені;

- төменгі талаптарға сай мақала тезистерін рәсімдеу;

- төлем туралы түбіртектің көшірмесі.

Конференцияға қатысу мен жинаққа басылуды ұйымдастыру жарнасы 2000 теңге (бір баяндама үшін) «БанкЦентрКредит» АҚ Қарағанды филиалындағы ҚарМТУ есеп шотына аудару керек. ИИК KZ638560000000147366, БИК KCJBKZKX, РНН 301700030344, БИН 000240004524.

Төлем тапсырмасында «Төлемнің тағайындалуы» жолында белгі қою: «27.11.2015 конференцияға қатысу үшін» және қатысушының аты-жөнін көрсету керек.

Конференцияға қатысу үшін мәлімет мына мекен-жай бойынша ұсынылады:

100027, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56, ҚарМТУ

Жауапты  хатшы: Мубаракова Айгерім Құралысқызы 

(6 корпус, 3 этаж, 307 каб.).

Электрондық адрес (e-mail): niipatriot_kstu@mail.ru

Анықтамалық телефон: (87122) 56-59-28; қосымша (1101); сот.: 87009853294

Ақпараттық хат жүктеу