ІІІ Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі

2016 жылдың 4 – 7 ақпан аралығында Алматы облысы Іле – Алатау мемлекеттік ұлттық саябағындағы «Тау — Тұран» Білім беру – сауықтыру кешенінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін — 2050» әлеуметтік жобасының Үйлестіру кеңесі және Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті «Медиасфера» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Симбиоз шешім: Интернет және сандық сауаттылық» тақырыбында ІІІ Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өткізілді. Аталған іс — шараға ҚарМТУ «Көшбасшы — Сардар» РЭТ -15-2 тобының студенті Көпейсинов Ерлан қатысты.

Қысқы мектепте төмендегідей бағыттар бойынша шеберлік – сыныптары мен семинар – тренингтер өтті:

  1. Модуль: ақпарат және медиа
  2. Модуль: Жаңа және дәстүрлі медиа
  3. Модуль: Интернет – сауаттылық

Іс — шара барысында «Әл — Фараби» радиосы әлемнің алты (қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз, испан) тілінде радионың өзектілігі жайында дайындаған аудио – бейне жолдаудың тұсауы кесілді. Сонымен қатар  елдің бетке ұстарлары Әміржан Қосанов, Қанат Әуесбай, Мұрат Әбенов, Азаматхан Әміртаев секілді  азаматтар дәріс оқыды. Ашық аспан астында шеберлік – сыныптар өткізілді.

«Бірнеше елдің журналист студенттерінің және серпін студенттерінің қатысуымен өткен ІІІ Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебінде өткен дәрістер өте керемет, әсерлі болды. Мұның бірден – бір себебі қоғамдық сананы қалыптастырған азаматтардың дәріс беруі»,- дейді аталмыш іс – шараның қатысушысы болып келген ҚарМТУ студенті Көпейсин Ерлан.

Іс – шара аяғында қатысушыларға біліктілікті арттыру курсын тәмамдағаны туралы куәлік табысталды.