Халықаралық Университеттер Көрмесі

Студент — қоғамның элитасы. Себебі өмірде ең улкен мүмкіндіктермен өзгерістер осы кезеңде болады. Егер студент бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білсе қоғамға ықпалын тигізе алады. Ол үшін оған нақты ақпаратпен қолдау қажет.

06.11.2016 жылы «Rixos President Astana» қонақ үйінде Oxford Vision Білім және кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен халықаралық университеттер көрмесі өтті. Көрмеге әлемнің 8 мемлекетінен 35 үздік оқу орындары келіп, оқу процесімен таныстырды. Талапкерлер көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап алып, болашақ таңдауын жасады. Ал,студенттер магистратураны қай оқу орындарында жалғастыруға болатынын, Қазақстандық студенттердің қандай мүмкіндікке ие екенінене көз жеткізді. Мұндай іс-шаралар екі жақты байланысты нығайтып, студенттермен талапкерлерге нақты ақпарат алуына мүмкіндік жасады.