Халықаралық «Festo-Синергия» білім беру жобасына -10 жыл.


2016 ж. 4- 6 шілде Ұлы Петр атындағы Санкт- Петербург политехникалық университетінде Халықаралық «Festo-Синергия» білім беру жобасының 10 жылдығына арналған «Ғылым, өндіріс және білім берудегі желілік серіктестік» Халықаралық мультиконференциясы өтті.

Конференция жұмысына Алмания, Аустрия, Ұлыбритания, Испания, Қытай, Ресей, Қазақстанның ірі ғалымдары қатысты. Конференцияның құрметті қонағы  «Festo» компаниясы тобының Президенті (Алмания, Аустрия) – В. Штоль мырза. Конференция кураторы және жетекшісі- DAAAM Internaional Президенті, профессор  Б. Каталинич (Аустрия).

ҚарМТУ «Festo-Синергия» жобасының толық құқықты мүшесі болып табылады, және де біздің университет делегациясы конференция жұмысына белсенді түрде қатысты. 2016 ж. «Электроэнергетика» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша дипломдық жобалар жобалық білім беру технологиялары бойынша Сименс, Шнейдер-Электрик, Мицубиши –Электрик, Фесто, Овен сияқты әлемнің алдыңғы қатарлы өндірушілерінің бағдарламалық- аппараттық құралдарының негізіндегі қолданыстағы құрал- жабдықтарын жобаны қорғауда қолдану арқылы жасалды. Құралдардың бөлшектерін жасауда ӨҮА кафедрасының 3 D принтерлерін қолданылды.

Халықаралық мультиконференцияның шеңберінде Интернет бойынша ең үздік бакалаврлық дипломдық жобалар мен  магистрлік жобалардың презентациясы жасалды. ҚарМТУ студенттерінің жобалары ерекше қызығушылыққа ие болды. Презентацияда «Робот-манипулятор» стендын құру бойынша Ю.Н.Аниськина мен М.С. Роговойдың; «Құбырдағы шар»  стендын құру бойынша А.Е. Амирбек пен  С.Ж.  Жаксыбекованың; ROBOPICA робототехникалық кешенді құру бойынша К.А.Аникина мен С.А. Копылованың; «Темір жол бағдарламалық- аппараттық кешенін құру бойынша О.С. Гущенская мен М.К. Котованың; басқарудың анатомиялық жүйесі мен манипулятордың тәжірибелік үлгісін жасау бойынша Р.Р.Мажитова мен И.С.Надинаның;  Сименс құрал- жабдықтары негізінде кіріктірілген зертханалық- тәжірибелік кешен және өндірістік контроллерлерді бағдарламалау отасын құру бойынша А.В.Гаванский мен Н.А.Старцевтың;  Фесто технологиялық мехатрондық желісін жаңашаландыру бойынша  Р.Д.Гришин мен В.А.Кибаковтың кешендік дипломдық жобалары; сонымен қатар  Фишер-Техник білім беру стендтерін жаңашаландыру бойынша Д.Н.Мироненконың; электртехникалық құрал- жабдықтарды автоматтандырылған жобалау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде жоғарғы вольтты ажыратқыштардың азаюы тоғының тетігін жобалау бойынша А.Л. Пристройконың; үдерістік техника стендін басқару жүйесін құру бойынша А.Г.Шишикиннің және электрмен жабдықтау параметрлерін қадағалау үшін оқу кешенін құру бойынша Т.Т. Тажиевтың жеке дипломдық жобалары ұсынылды. «Festo» компаниясы тобының Президенті   В. Штоль мырза және  DAAAM Internaional Президенті, профессор  Б. Каталинич  ҚарМТУ студенттері жобасының жоғары деңгейі мен тәжірибелік бағыттылығын атап өтті. Барлық студенттер атаулы «Festo» сертификаттарын алды.

Аталған дипломдық жобалардың жетекшілері ӨҮА кафедрасының оқытушылары Сичкаренко А.В., Каверин В.В., Марквардт Р.В., Паршина Г.И., Котов Е.С. және Жумагулова Д.К.

Конференцияда профессор И.В.Бредо «ҚарМТУ- Фесто- Синергия» Республикалық орталығының презентациясын және оның «Синергия» халықаралық білім беру жобасының шеңберінде  дамуының нәтижелерін көпшілікке ұсынды.

Без рубрики