Халықаралық еңбекті қорғау күніне арналған дәріс


24 сәуір 2018 жылы «КАжЕҚ» кафедрасы Халықаралық еңбекті қорғау күніне арнап «Қарағанды облысы кәсіпорындарындағы өндірістік жарақатты талдау және оның себептері» тақырыбында 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортына қорғау» мамандығының студенттері үшін дәріс өткізді. Дәрісті «Қарағанды облысы Еңбек инспекциясы басқармасы» МБ басшысы міндетін атқарушы Қанатбек Шарапбекұлы Балсариев оқыды.    Дәріс оқушы атап өткендей, жарақат маңызды әлеуметтік-гигиеналық мәселе болып табылады, оның шешімі қызметкерлердің денсаулық жағдайын жақсартумен, уақытша еңбекке жарамсыздық, мүгедектік, өлім-жітімнің төмендеуімен, орташа өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына тығыз байланысты. Жарақат орасан зор қоғамдық және экономикалық залал әкеледі және елеулі әлеуметтік-экономикалық, медициналық проблема болып табылады.

Дәріске «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасының меңгерушісі, доц., т.ғ.к.  Н.Р. Жолмагамбетов, кафедра оқытушылары, магистранттар және БЖД-15-2, БЖД-16-1,2,3, БЖД-16-3 топтарының студенттері қатысты.

Без рубрики