Грантқа алдын ала ұсыныс беру туралы хабарлама

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті

«Өнімді жаңашылдықтарды ынталандыру» жобасы

Аға және кіші ғылыми қызметкерлер топтарына арналған грант бағдарламасы

Грантқа алдын ала ұсыныс беру туралы хабарлама

Назар аударыңыздар! Жарысқа қатысу мерзімі 2016 ж. 31 тамыз Астана уақыты бойынша 18 сағат 00 минутқа дейін ұзартылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді жаңашылдықтарды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер топтары (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер топтарына (КҒҚТ) арналған грант бағдарламасы бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарын коммерциялау үшін жарыс өткізеді.

АҒҚТ және КҒҚТ гранттары ары қарай коммерциялау мақсатында өндіріске енгізу және/немесе технологияларды рыногке шығару үшін өндірістік ҒЗТҚЖ орындауға ниет білдірген қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалымдары, жас талантты зерттеушілер мен бизнесмендерге беріледі.

Жэарысқа қатысу үшін өтініштер 2016 ж. 25 шілдесінен ағылшын, қазақ емесе орыс тілдерінде электрондық үлгіде интернет портал арқылы www.fpip.kz сайтында қабылданады. Жарысқа қатысу мерзімі 2016 ж. 31 тамыз Астана уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта тоқтатылады.

АҒҚТ және КҒҚТ үшін грант бағдарламасы туралы толық ақпарат www.fpip.kz сайтының «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде немесе e-mail: grants@fpip.kz-е өтініш беру арқылы алуға болады.

Гранттар бойынша байланыс:

Сартбаев Мурат Максутович – 87017840851

Мажкенов Серик Кайроллинович – 87765280119

Айткенов Ернур Мысырович – 87015203577

Мадхалыков Санат Каербекович — 87474824170

АҒҚТ және КҒҚТ үшін грантқа өтініштің үлгісі

АҒҚТ және КҒҚТ бойынша грант алу жарысы қатысушыларына нұсқаулық

Сауалнама (ағылшын тілінде)

Без рубрики