Головачёва Виктория Николаевна

1990 жылы «Информатика, математика және есептеу техникасы» мамандығы бойынша Қарағанды педагогикалық институтын бітірді.

2002 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша «Білім сапасын көтеру құралы ретінде білім бағалаудын интегралды әдісі» тақырыбына диссертация қорғады.

2005 жылы «Педагогика» мамандығының доцент академиялық атағына ие болды.

2008 – 20011жж. –130000 – Педагогика ғылымдары бағыты  бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің PhD докторантурасында білім алды.

2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінде педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 13.00.08 – Кәсіби білімнің теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби кадрларды даярлаудың теория мен тәжірибесі» тақырыбына диссертация қорғады.

2011 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде философия докторы PhD ғылыми дәрежесін алу үшін «Білім» мамандығы бойынша (050703-Ақпараттық жүйелер мамандығының мысалында) «Ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлаудың ғылыми негіздері» тақырыбына диссертация қорғады.

ЖОО-дағы жұмыс тәжірибесі – 22 жыл.

100-ден астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 2 монография, 5 оқу құралдары, зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы куәлігі бар ЭЕМ-ге арналған 4 бағдарлама, ғылыми мақалалардың авторы, әр түрлі деңгейдегі конференцияларға қатысты.

Ғылыми қызығушылық саласы – білімнің ақпараттануы, ЖОО-ның оқу процесіне автоматтандырылған оқу құралдарын енгізу, ақпараттық бейімдегі маманды даярлау.

Ғылыми еңбектер тізімі