Global UGRAD


2012-2013 студенттер айырбасының шәкіртақы еуразиялық бағдарламасы (Global UGRAD)

Бағдарлама сипаттамасы:
Еуразия мен Орталық Қазақстандағы 2012-2013 студенттер айырбасының шәкіртақы еуразиялық бағдарламасы (Global UGRAD) – АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім және мәдени бағдарламалар бөлімінің бағдарламасы. UGRAD бағдарламасы Армения, Әзербайджан, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікістан, Түрікменстан, Украина және Өзбекістан жоғары оқу орындарының күндізгі бөлім студенттеріне АҚШ университет немесе колледжінде 1 академиялық жыл ішінде дәреже алусыз оқуға мүмкіндік береді. Барлық қатысушылар ашық конкурс негізінде іріктеледі.
Бағдарламада 1, 2, 3 және 4-ші* курс студенттері қатыса алады (*міндетті шарт – бағдарламадан қайту кезде студентте жоғары білім дипломын алуынша кем дегенде бір семестр қалу керек)
Мамандықтар:
• Бухгалтерлік есеп
• Ауылшаруашылық
• Биология
• Бизнес
• Химия
• Ақпараттық технологиялар
• Экономика
• Білім
• Инженерлік іс
• Табиғат қорларын меңгеру
• Геология
• Сервис және туризм саласындағы басқару
• Көпшілік коммуникациялары
• Физика
• Қала жоспарлау
• Американистика

Басқа мамандықтар да қарастырылу мүмкін
Бағдарламаның барлық қатысушылары:
• Бір академиялық жылдың ішінде АҚС университеті немесе колледжінде күндізгі бөлімде білім алады;
• Бірінші семестр ішінде АҚШ территориясындағы мекендеген қалада волонтерлік жұмысқа 20 және одан көп сағат бөлу;
• Екінші семестр ішінде кәсіби машықтану өтеді.
Бағдарлама толық қаржыландыруды қамтамасыз етіп:
• J-1 американдық виза алуда колдау
• Туған қаладан АҚШ-тағы қабылдайтын университетке дейін және қайту жолын төлеу
• Сырқат немесе жазатайым оқиға болған кезде медициналық қызметке шығынды өтеу
• АҚШ-тағы оқуды төлеу
• АҚШ-та тұру мен тамақтануды төлеу
• Айлық шәкіртақы
• Оқулықтарды сатып алуға қаражат
• Бағдарлама бітірушілеріне кәсіби өсу үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.

Қосымша ақпаратты бас корпустың 309-а кабинетінен алуға болады.

Без рубрики