Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Этьен мырзаның келуі

2015 жылы 8 қазанда алғаш рет біздің шахтерлік қаламызға Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Этьен мырзаның келді. Онымен бірге Францияның ҚР-ғы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңесшісі  Гийом Касперски, ФР Білім, жоғарғы білім және ғылым министрлігінің өкілі Мишель Ле Девеа, Шнайдер Электрик орталығының техникалық сарапшысы Сирий Ножан, Францияның ҚР елшілігінің ғылыми және техникалық ынтымақтастық бойынша дипломатиялық қызметкері Тома Юэт, «Шнайдер Казахстан» фирмасының директоры Ирина Дмитриенко, ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру мазмұны және жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білім беру қызметкерлерін дайындау басқармасының жетекшісі Бану Мукатаевна Нарбекова келді.

Келу мақсаты -ҚарМТУ негізінде әлемге әйгілі француздық  «Шнайдер Электрик» фирмасының оқу инновациялық орталығын ашу.

МИИДБ-2 шеңберінде «Робототехника. Басқару жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындау үшін бөлінген қаржыға «Шнайдер электриктің» ең заманауи құрылғылары сатып алынды.

Schneider Electric пен ҚарМТУ-дәың серіктестігі университет студенттері мен магистранттарының «Электроэнергетика» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша білім алуларын, университеттің оқу-зертханалық базасының жетілдірілуін, технологиялық және энергетикалық үдерістердің автоматтандырылуы саласындағы ғылыми және практикалық зерттеулерді ұйымдастыруға (әсіресе энерго- тиімділік мәселелерін шешу), біріккен семинарлар, конференциялар мен форумдар ұйымдастыруды көздездйді.

Білім беру бағдарламалары Вена техникалық университеті, Берлин техникалық университеті, Мичиган технологиялық университеті, Швейцария жоғарғы техника мектебі, Ұлы Петрдың ҰЗИ Санкт-Петербург политехникалық университеті,  Д.Ф.Устинов атындағы «ВОЕНМЕХ»  Балтық мемлекеттік техникалық университеті  сияқты әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің тәжірибесінің негізінде жасалған.

Ғылыми зерттеу, инжиниринг және өзекті бағыттар бойынша, шынайы экономика секторына қажетті мамандардың біліктіліктерін арттыру салаларында инновациялық орталықтар ашу, университеттің білім беру және ғылыми іс-әрекеті бағыты дамуындағы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «бес институционалды реформаларды жүзеге асыруға 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысудағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Без рубрики