Күн энергиясы орталығының басшысы Митко Стоевтың бастамасымен Форум


ЖМ кафедрасының шақыруымен 11.10.19 ж. аралығында біздің университет базасында әлемнің жетекші университеттерінен шақырылған профессорларымен жұмыс аясында инженер докторы, South-West University «Neofit Rilki» (Болгария) университетінәң профессоры, Күн энергиясы орталығының жетекшісі Митко Стоев «Applied Photovoltaics: Solar cells, PV modules, PV generators, PV plants, Energy mix, Design of Solar energy centers etc.» бағыттары бойынша сарапшылардың қатысуымен форум өткізді.

Форумға жоғары математика, физика, байланыс жүйелерінің технологиясы кафедрасының оқытушылары мен магистранттары, сондай – ақ, жаңартылған энергия көздерін дамытудың перспективалы бағыттарының бірі-күн энергетикасы болып табылатын саламен айналысатын ТСС кафедрасының профессоры Мехтиев А. Д. қатысты.

 

 

 

 

 

 

Профессор Митко Стоев байланыс жүйелерін өкілдерімен кездесіп, студенттер мобильділігі бойынша ынтымақтастығы, оқытушылардың тағылымдамасы, сонымен қатар ғылыми жобаларға қатысулары жайлы талқылады.

Профессор Митко Стоев жоғары оқу орнымен әрі қарай ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, ағылшын тілін білуде ҚарМТУ студенттерінің South-West University «Neofit Rilski» (Болгария) оқу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

 

Без рубрики