Фестиваль «Ел Жүрегі Астана»

2 сәуірден бастап ҚарМТУ қабырғасында Астананың 20жылдығына арналған конкурсқа іріктеу шаралары өтті. Университет және колледж студенттері вокал, халық биі, заманауи би, КВН, дебат номинациялары бойынша іріктеуден өтті.

Колледжіміздің атынан «КВН Орыс лигасы», «КВН қазақ лигасы» және вокал номинациясы бойынша Букпанов Рауан өнер көрсетті.

Ал, 5 сәуір күні К.С.Станиславский атындағы театрда «Ел Жүрегі – Астана» атты фестиваль өтті. Әділқазылар алқасы құрамында өңірімізге белгілі өнер иелері болды. Кеш соңында «КВН Орыс лигасы» номинациясы бойынша колледжіміздің атынан қатысқан «Ералаш» командасы 1 орынға ие болды. Команда қатарында Павленко Д., Созинов К., Замалятдинов Т., Чудинович М., Зибер Ю, Омаров А. болған еді. Сондай-ақ, «КВН қазақ лигасы» номинациясына қатысып, өнер көрсеткен Бегалиев Е., Абдыкарим Н., Құрманғали Д.,  Рахметуллов У. сияқты студенттерді айта кеткіміз келеді.

Без рубрики