Еуразия банкінің Қарағанды филиалының басшылығымен болған кездесу


18 сәуір күні бас корпустағы 337 аудиторияда «Экономика және кәсіпорын менеджменті» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Еуразия банкі» АҚ-ның Қарағанды №4 филиалының атқарушы директоры  Мүсіреп Мұратұлы Хасеновпен кездесу өтті.

Кездесуде мына мәселелер төңірегінде ой өрбіді:

— Қазақстанда банк жүйесінің құрылуы;

— ел экономикасындағы банк жүйесінің рөлі;

— банк сеторының несие портфелінің құрылымы және даму жағдайы;

— төлем карттары мен терминалдардың қолданылуы;

— екінші дәрежелі банктерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау: Ұлттық банк неліктен банктерді жойылудан сақтап қалуға тырысады?

— криптовалютаны сатып алудағы тәуекелдер және өзге сұрақтар талқыланды.

Кездесу барысында бүгінгі таңдағы қазақстандық банктердің қызмет ету ерекшеліктері,Елбасы ұсынған жаңа «7-20-25» тұрғын-үй сатып алу бағдарламасы бойынша жұмыс жасау шарттары жайлы әңгімеледі.

Без рубрики