«ESP — English technologies in the classroom» үйретуші семинары


2017 жылдың 24 ақпаны күні Көптілді инновациялық орталығы ОжШТ кафедрасымен біріге отырып, «ESP — English technologies in the classroom» атты үйретуші семинарын өткізді. Семинардың мақсаты –  оқытушылардың педагогикалық шеберлігін шыңдау, біліктілігін көтеру. Семинарға төмендегі  облыстық білім беру ұйымдарының ұстаздары қатысты: «Мұрагер» ММИ, «Дарын» ММИ, №39 гимназия, № 57 және № 101 мектеп-лицейлері, Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжі, Халықаралық Бизнес-Академия колледжі, Қарағанды агротехникалық колледжі, “Industrial Energy Alliance” ЖШС, ҚарМТУ, академик Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, КММУ.

 Семинар барысында америкалық оқытушылар  Taryn U’Halie, Elizabeth Blackburn, Pete Oster ағылшын тілінде шеберлік-сынып жүргізді. Қатысушылар арнайы пәндерді ағылшын тілінде өткізудің инновациялық технологияларымен танысты.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

Без рубрики