«Эрудит» интеллектуалдық ойыны

2016 ж. 31 наурыз «Жас Орда» СК білім және ғылым орталығының интеллектуалдық ойындар клубының ұйымдастыруымен  «Эрудит» интеллектуалдық  ойыны өтті.

Ойынға университеттің барлық факультеттерінің топтары қатысты. Ойын барысында қатысушыларға әр түрлі тақырыптарға қызықты тапсырмалар ұсынылды:  саундтрек бойынша фильмді табудан бастап хандардың суреттерін хронологиялық тәртіппен орналастыруға дейін.

Ойын нәтижелері бойынша 1 орынды «Генератор идей»(ЖКФ) тобы, 2 орынды «Legends» (ЭАТФ) және 3 орынды «Принцы» (СҚФ) иеленді.

Салтанатты турде марапаттау рәсімі әр апта сайын бейсембіде сағ 17.00-де Бас оқу ғимаратының 430 бөлмесінде өтетін интеллектуалдық ойындар сериясының соңында болады.