Долгань Константин

АҚШ-тан махаббатпен

Менің атым Константин Долгань. Мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бакалавриаты мен магистратурасының түлегімін. 2008 жылы машина жасау саласында бакалавриатты бітірдім. Сол жылы тау-кен машиналары мен жабдықтары мамандығы бойынша магистратураға түстім.

2010 жылдың қараша айында мен Луизиана Техникалық Университетіне (Луизиана, АҚШ) стажировкаға бардым. Бұл ЖОО 5 деңгейдің ішінен 3-ші деңгейлі ЖОО болып табылады. 1-ші деңгей- Гарвард, Кэмбридж, 2-ші- МІТ. Студенттер саны 14 мыңдай. Алдыңғы қатарлы бағдары инженерия болып табылады. (механика, биомедицина, нанотехнологиялар).

Стажировка барысында менің саламда еңбектенетін көптеген студенттер мен оқытушылармен таныстым. Мен үшін  көптеген лабораториялар мен оқу корпустарында экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар мен бірнеше лекциялар мен зертханалық жұмыстарға қатыстым. Барлық оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлер өте жайдары болды және біздің университетіміз, еліміз, мәдениетіміз бойынша қызығушылықтарын білдірді.

Инженерия факультетінің Деканымен сөйлескеннен кейін, мен оқуымды докторант ретінде жалғастыруға шақырылдым. Әуелі мен PhD-ға түсемін деп ойлаған жоқпын, алайда кейін бұл менің болашағым үшін ең жақсы шешім болатынын түсіндім.

Түсу үшін мен көптеген қағаз жұмысын жасауға мәжбүр болдым және TOEFL тестін тапсырып, АҚШ елшілігінен виза алуым керек болды. Ағылшын тілімен бала кезімнен айналасқандықтан, TOEFL тестіне дайындалуға бір-ақ ай кетті. Тест қиын болды және мен керек минимумнан кішкене жоғары балл алдым. Әдетте магистратура мен докторантураға түсу үшін GRE тестін тапсыру керек, алайда мен одан босатылдым, себебі мені университет таныды және менің біліміме сенімді болды. Бұл жағдайда менің сәтім түсті, өйткені бұл тест көп уақыт дайындықты қажет етеді.

Бұл жердің оқу процесі қазақстандықтан айырмашылығы өте көп. Біріншіден, бекітілген сабақ кестесі жоқ, студент өзінің ғылыми жетекшісімен әр тоқсан сайын парларды таңдайды. Екіншіден, ҚарМТУ-да сияқты студенттік топтар жоқ және әрбір пәнде студенттерде әртүрлі топтастары бар. Парларға тіркелу Университеттің ақпараттық жүйесі арқылы өтеді. Парладың ұзақтығы 1 сағат 15 минуттан 3 сағат 40 минутқа дейін болады. Үлгерімділікке қатысты талаптары бар. Мысалы, «С» бағасын тек 2 пәннен ғана алуға болады, және ағымды GPA 3.0 деңгейінен төмен түспеуі керек. Бұл талаптарға сай келмеу кезінде, студент жүйе арқылы автоматты түрде оқудан шығарылады.

АҚШтың өмiрiнде ең күрделісi – ол достарымның және туған туыстарынң жетпеушілігі. Осында кейбір американдықтылар және шетелдік студенттердің қызықты және өмірге деген ұксас көз қарастары болғанына қарамастан, дегенмен нағыз дос пен жар тобы қиынға соғады, сондыктан менім беретін бір кеңесім ол- бұнда жабадан жалғыз келмеу. Басқа жағынан , бұл жерде қызықты да позитивтi өте көп нәрсе бар.

Ақшта уақыт өткізудің ең кереметі ол – саяхат. Бұл жерде әдемі де ерекше жерлер өте көп. И в каждом, даже самом маленьком городке можно найти какие-то достопримечательности и что-то уникальное. Және әрбір, тіпті кіп-кішкентай қаласында назар аударлық орындарын және сирек кездесетін бірдене табуға болады. Американдықтар өз табиғатын, мәдениетін, және тарихын сақтап қолдайды, сондықтан бұл жер саяхат үшін тамаша жер!

АҚШта оқысы келетін барлығына, бұл білім алуға болатын ең жаксы елдердің бірі деп айта аламын. Американдықтар бұл мәселеге өте қатан қарайды және бітіргеннен кейін сіздер өз саланызда білікті маман болуынызға кепіл бар! Тағы бұл ел шетел азаматтарына ең жақсы түрде қарайды! Оқуды аяқтағанан кейін сіздердің алдарынызда шексіз перпективалар және кез келген әлемнің елдерінде жұмысқа тұру мүмкіндіктері ашылады. Сондықтан ағылшын тілін оқып АҚШқа келініздер.

Без рубрики