Докторлық диссертация қорғау туралы Жауыт Әлғазының


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Жауыт Әлғазының 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алуға «Тербеліс атқарушы қондырғының динамикалық параметрлерін нақтылау» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғау өткізіледі.
Диссертациялық жұмыс Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Қолданбалы механика және машина құрылымдарының негіздері» кафедрасында орындалды.
Рецензенттер:
Қайым Талғат Тотышұлы — техника ғылымдарының докторы, Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры (05.02.18 – Машина жасау және машинатану).
Балгабеков Толеу Кунжолович – техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры А. Н. Данияров атындағы Өнеркәсіптік көлік кафедрасының меңгерушісі (05.05.06 – Тау-кен машиналары).
Ғылыми кеңесшілер:
Қосболов С.Б. – техника ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры;
Станислав Завислак – Ph.D, профессор, IFToMM коммуникация жөніндегі комиссияның басылымдары мен мұрағаттау мүшесі, Польшадағы IFToMM комитетінің хатшысы. Биельско-Бяла университеті. Биельско-Бяла қаласы.

Қорғау Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде келесі мекен жайда: Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары 56, бас корпус, 339 ауд. 2015 жылдың 28 желтоқсан күні сағат 14.00 болады.
Сайта: www.kstu.kz, e-mail: ali84jauit@mail.ru

Аңдатпа

Ғылыми еңбектерінің тізімі

Диссертация

 

Без рубрики