Докторлық диссертация қорғау туралы


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 6D070900 — Металлургия мамандығы бойынша докторант Сиргетаева Гүлжан Ермекқызы «Батыс Қамыс темірмарганецты кенінің магнитті күйдіріп өңдеу технологиясын әзірлеу және зерттеу» тақырыбында PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияны қорғайды.

Диссертациялық жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасында және Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургиялық институтының  «Пирометаллургиялық үрдістер» зертханасында орындалды. Қорғау орыс тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы — техника ғылымдарының докторы, профессор Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры;
  2. Байсанов Әлібек Сайлаубайұлы — техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Пирометаллургиялық үрдістер» зертханасының меңгерушісі;
  3. Батышев Константин Александрович — техника ғылымдарының докторы, Мәскеу политехникалық университетінің профессоры, Ресей, Мәскеу қаласы.

Рецензенттер:

  1. Намазбаев Тілеухан Серікпайұлы — техника ғылымдарының докторы, профессор, «Казчерметавтоматика» АҚ директоры (мамандығы 05.16.02 – Қара металлдар металлургиясы)
  2. Жабалова Гульнара Ғазизқызы – техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік индустриялдық университетінің «Металлургия және құрылыс» факультетінің деканы (мамандығы 05.16.02- Қара, түсті және сирек металлдар металлургиясы)

Диссертация 2016 жылдың 23 желтоқсанда, сағат 10.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Бас ғимаратының, ауд.308 өтеді.

Университеттің мекен-жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік гүлзары, 56

Университеттің сайты: www.kstu.kz , e-mail: gulzhan_karakeev@mail.ru

Без рубрики