Ахматнуров Денис Рамильевич докторлық диссертация қорғау туралы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесіне ізденуге Ахматнуров Денис Рамильевичтің 6D070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша «Бос көмір қаттарынан газ бергіштікті күшейту әдістерін зерттеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Пайдалы кен орындарын қазып өндіру» кафедрасында орындалған.

Рецензенттері:

  1. Баймухаметов Сергазы Кабиұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің өндірісті перспективті дамыту және жаңғырту жөніндегі кеңесшісі, БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының шахталық метан бойынша сараптамалық тобының вице-президенті. (Қарағанды қ).
  2. Швец Александр Игоревич – техника ғылымдарының кандидаты, «MT-Kazakhstan» ЖШС бас технологы (Алматы қ).

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Дрижд Николай Александрович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Пайдалы кен орындарын қазып өндіру» кафедрасының профессоры, (Қарағанды қ).
  2. Хайдина Мария Павловна – техника ғылымдарының кандидаты, (ҰЗУ) Губкин И.М. атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің доценті (Ресей, Мәскеу қ.).

Қорғау 2018 жылғы 19 маусымда, сағат 10.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтеді. Мекен-жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56, 2 оқу корпусы, 302-дәрісхана.

Сайттың мекен-жайы: www.kstu.kz,

e-mail: d_akhmatnurov@mail.ru

Без рубрики