Замалиев Наиль Мансурович докторлық диссертация қорғау туралы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Замалиев Наиль Мансуровичтің 6D070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша «Таратылған көмір шахталарының алқаптарында метан алудың перспективалық учаскелерін таңдауды негіздеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Пайдалы кен орындарын қазып өндіру» кафедрасында орындалған.

Сын-пікір берушілер:

  1. Баймухаметов Сергазы Кабиұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің өндірісті перспективалық дамыту және жаңғырту жөніндегі кеңесшісі, БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының шахталық метан бойынша сараптамалық тобының вице-президенті. (Қарағанды қ).
  2. Швец Александр Игоревич – техника ғылымдарының кандидаты, «MT-Kazakhstan» ЖШС бас технологы (Алматы қ).

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Дрижд Николай Александрович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Пайдалы кен орындарын қазып өндіру» кафедрасының профессоры, (Қарағанды қ).
  2. Хайдина Мария Павловна – техника ғылымдарының кандидаты, (ҰЗУ) Губкин И.М. атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің доценті (Ресей, Мәскеу қ.).

Қорғау 2018 жылғы 19 маусымда, сағат 10.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтеді. Мекен-жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56, 2 оқу корпусы, 302-дәрісхана.

Сайттың мекен-жайы: www.kstu.kz,
e-mail: nailzamaliev@mail.ru

Без рубрики