«Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы»

2016-2017 оқу жылында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 225 талапкер білім грантына ие болды. Аталған Жоба грант иегерлері 6 факультетте, (Энергетика, автоматика және телекоммуникация, Жол-көлік, Сәулет және құрылыс, Тау-кен, Машина жасау және Инновациялық технологиялар) 17 мамандық бойынша білім алып жатыр. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша түскен студенттер Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Серпіндестер Ордасы» жатақханасына орналастырылды. Бірқатар студенттер өз қалаулары бойынша ТК «Армандастар Ордасына» және кейбір студенттер туған-туысқандарының пәтерінде тұрады.

2016 жылдың 2 қыркүйегінде ҚарМТУ-дың «Серпіндестер Ордасы» жатақханасында 1 курс студенттерімен «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – экстремиз, терроризм терминдерінің мәнін ашу, адамгершілікке қарсы (антигуманды) сипатын, экстремизм мен терроризмнің таралу себептерін түсіндіру. Студенттер діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін адамның рухани, діни мәдениеті мен білімі болуы қажеттігін айтты. Дөңгелек үстел аяғында студенттер: «Еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығына қол сұғуға ешкімге жол бермеу керек»,- деген тамаша ойларымен аяқтады.