Діни экстремизмнің алдын алу


Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде.
Осыған орай, желтоқсан айының 11 маусымында Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің «Армандастар ордасы» атты студенттер жатақханасында Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теология маманы Жанабаев Қаршыға Байбекұлы және дін танушы Сарсембаев Николай Владимировичпен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында арнайы кездесу өткізілді.
Қазіргі кезде діни фундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп».
Кездесу барысында, діни мамандар студенттерге статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, діни экстремизмнен зардап шеккен жандардың жалпы санын атап өтті. Тұғырлы мемлекетімізде қоғамға әсер етіп, қорқыныш тудыратын діни ағымдар да аз емес. Қаршыға Байбекұлы есімдері жер жарып тұрған экстремистік ұйымдардан аулақ болу, бұрыс бағыттардан өзін-өзі алшақ ұстау мәселелері жайлы сөз қозғап кетті.
_MG_3096    _MG_3065   _MG_3052   _MG_3032
Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы — олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары.  Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде, жоғарғы оқу орындарында «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.

 

Без рубрики