Қарттарға арналған мереке


3 қазан күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мереке қарсаңындағы дәстүрлі жыл сайынғы кездесу «Политехник» кафесінің залында болды. Кездесуге ЖОО-да көп жылдар жұмыс істеген ҚарМТУ-дың 30-дан астам ардагері қатысты.

Іс-шараға қатысушыларды ҚарМТУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры Алпысбаева Назым Аманғазықызы мен Кәсіподақ төрағасы Әубәкіров Нұрлыбек Маманұлы құттықтады.

  • Университет ректорының атынан және барлық ұжымның атынан Сіздерді осы тамаша мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, амандық тілеймін! Сіздердің әрқайсыңыз биыл өзінің 65 жылдығын атап өткен университетіміздің дамуына үлкен үлес қостыңыздар. аймақтың индустриалды саласын дамытудағы Университеттің барлық жетістіктерінің іргетасын Сіздер қаладыңыздар – деп, проректор ардагерлерге арнаған сөзінде атап өтті. – Бүгінгі мереке-көптен көріспеген достарыңызбен кездесіп, бір-бірлеріңізге көңіл-күй сыйлайтын тағы бір себеп».

Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Филипповна Самойлюк құттықтау сөз сөйледі: «Бүгін біз сіздермен қуаныш пен жақсылық мерекесіне жиналып отырмыз. Сіздерге, біздің қымбатты ардагерлеріміз, көптеген әдемі күндер, ұзақ өмір және айналаңыздағы адамдардың мейірімді қарым-қатынасын тілеймін!»

Қарттар күні қызықты концерттік бағдарламамен жалғасты. Ең жігерлі ардагерлер вальс билеп, ән айтты. Барлығы жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күйге бөленді. Мереке бай дастарханда өте қызықты, көңілді өтті. Бұл күні университеттің барлық ардагерлері ақшалай сыйлық алды.
Біздің қымбатты ардагерлерімізді жаңа кездесулерде күтеміз. Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс!

Без рубрики