Конфуций Институты Күні — 2018

2018жылдың 28 қыркүйегінде  ҚарМТУ «Конфуций Институты күнін» атап өтті. Мерекелік іс-шараға Шихэцзы университетінің (ҚХР) студенттері қатысты. Ма Чуньхуэй университетінің проректоры бастаған Қытай делегациясы 27 қыркүйекте Қарағандыға келді.

ЖОО-да Конфуций Институты күнін тойлау дәстүрге айналды. Осы ауқымды іс-шара аясында бірінші күні Қытайдан келген делегация Ақниет ЖҚҰ еріктілерімен бірге «Құлыншақ» балалар үйіне барды. Қытайдан келген қонақтар қызықты және танымдық бағдарламамен келіп балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Қытай мәдениетінен, музыкасынан және шығармашылығынан ұмытылмас әсер сыйлады және Шығыстың әдемі кәдесыйларымен қуантты.

Күннің екінші жартысында университет бойынша таныстыру экскурсиясы өтті. Мұнда қонақтар ҚарМТУ тарихы мұражайы, ҚарМТУ-дың Құрметті профессоры Н.А. Назарбаев мұражайы, инновациялық жобалар көрмесі, «ҚарМТУ – Schneider Electric» лабораториясы, «ҚарМТУ-FESTO» орталығы,» ҚарМТУ – Mitsubisi Electric » Казпромавтоматика орталығы, «Минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру» инженерлік бейіндегі зертханамен танысты.

28 қыркүйекте «Жастар әлем» Жастар сарайында Конфуций Институты күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концерт бағдарламасына Шихэцзы және ҚарМТУ студенттерінің орындауында музыкалық нөмірлер кірді. Одан әрі мерекелік бағдарламаны өнер фестивалі жалғастырды. Ол ҚарМТУ-дың 1-ші корпусында өтті, 1-ші қабатта ұлттық костюмдер, музыкалық аспаптар көрмесі және қағаздан жасалған кесінділер көрмесі орналасты. Екінші қабатта Қытай каллиграфиясын, қарапайым қытай тілін оқыту және Пекин операсымен танысу сабақтары өткізілді..

Естеріңізге сала кетейік, гуманитарлық саладағы қытай-қазақ ынтымақтастығын одан әрі нығайту, Қытай және қазақ халықтары арасындағы өзара түсіністікті және достық қарым-қатынасты дамыту құралы ретінде қытай тілін үйрену мен оқытуда көмек көрсету мақсатында 2009 жылдың 28 қазанында университеттер арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға, сонымен қатар ҚарМТУ жанындағы Конфуций институтын құру туралы келісімге қол қойылды.

2012 жылдың 27 қарашасында ҚарМТУ жанындағы Конфуций институтының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қазіргі уақытта әлемнің 137 елі мен өңірлерінде 500-ден астам институт және 1000-нан астам Конфуций сыныбы жұмыс істейді. Қазақстанда осындай 4 институт бар, оның біреуі біздің ҚарМТУ-да.

Без рубрики