Дэниел Черчилль


Дэниел Черчилль

Педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор, Гонконг Университетінің «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» департаментінің директоры (Гонконг қаласы, Қытай)

Келу барысында жоғары мектеп педагогика мәселелері және шетел тілдерін оқытуда ақпараттық технологиялар жөнінде «TheUse of Moodle Technologies for Foreign Language Teaching and Learning in Technical University» дәрістер оқыды. Техникалық мамандықтар студенттеріне арналған «Шетел тілі», «Техникалық шетел тілі», «Кәсіби-бағытталған шетел тілі» курстарын жүзеге асыру үшін «Moodle» компьютерлік платформасын пайдалану бойынша семинар өткізді. «Ғылым және білім – 2030 стратегиясының жетекші факторы» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

Профессор Д.Черчилль шетел тілін үйретудің жаңа ақпараттық технологиялар мен жоғары импакт-факторы бар журналдарда ғылыми жариялымдарды басқару үдерісі жөнінде дәрістер оқып, шетел үлгідегі ОӘК құру бойынша консультация жүргізді.

2012-2014 жж.ҚР БҒМ ғылыми зерттеулерінің гранттық қаржыландыруға мәлімдеме берілді. Ғылым дамуының басымдылығы: «Елдің зияткерлік потенциалы» . Ғылым дамуының мамандандырылған ғылыми бағыты: «Білім саласында қолданбалы зерттеулер». Тақырыбы: Компьютерлік лингводидактика қағидалар негізінде техникалық ЖОО-да жоғары шетел білімнің жаңғырту жүйесінің ғылыми-теориялық негіздерін құру. Жобада профессор, Гонконг Университетінің «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» департаментінің директоры Д.Черчильь қатысуда (Гонконг қаласы, Қытай).

ҚарМТУ ШТ кафедрасы мен Гонконг Университетінің «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» департаменті (Гонконг, Қытай)-педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Д.Черчилльмен халықаралық қызметтестік жөнінде шарт жасау туралы шешім қабылданды.

Без рубрики