DAAD

 DAAD

20 жыл бұрын Академиялық Айырбастың Германдық Қызметі (DAAD) өз жұмысын Қазақстанда бастады. Осы уақыттың ішінде 3000-нан астам қазақстандық студенттері, мамандары және ғалымдар DAAD шәкіртақы арқылы Германияда зерттеді және білім алды. Он шақты неміс ғалымдары мен мұғалімдері Қазақстанның университеттерінде жұмыс істеді.
ОҚУ
Германия өзінің тек тарихи қалалары мен түрлі ландшафтарымен танымал емес, ол бүкіл әлемде мәдениет және өнердің орталығы болып танылды. Германия әлемнің жетекші жоғары дамыған индустриалдық мемлекеттерінің біріне жатады, бұл бірінші дәрежелі университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарының мемлекеті болып табылады.
Германия-АҚШ-тан кейін ірі экспорттаушы. Mercedes, «Siemens» фирмасының ұялы телефондары, MP3-формат, аспирин дәрісі – Германияны танымал қылған аздау ғана жетістіктер. Қазақстан да бәрінен қалмай, 2010 жылы Германиядан бір миллиардтан астам АҚШ доллар сомасына өнімдер импорттанды.
Экономикалық табыс неміс ЖОО мен зерттеу зертханаларының жетістіктерімен тығыз байланысты. Ақырғы 19 жылдары 20неміс ғалымдары Нобель сыйлығына ие болды.
Хайдельберг қаласының университеты сияқты көп ғасырлық дәстүрі бар университеттер жас, инновациялық ЖОО және жетекші зерттеулердің жоғары білікті орталықтарымен қатар бүкіл әлемнің студенттері мен ғалымдарына оқу мен ғылыми қызметке түрлі мүмкіндіктер ұсынады.

ГЕРМАНИЯДА ОҚЫҒЫҢЫЗ КЕЛЕДІ МА?
Егер солай болса, Сіз Германияда оқу туралы келесі пайдалы ақпаратты табасыз: Германияда 350-дей жоғары оқу орындары бар.
Университтермен қатар жоғары арнайы мектептер, техникалық университтермен мен басқа жоғарғы мектептер бар.

ЖАЗҒЫ ЖОО КУРСТАРЫ
Бұл шәкіртақы неміс жоғары оқу орындарында ұсынылатын тілдік немесе мемлекеттану курстарына баруға арналған.
Ұзақтығы:
Жай айларында 3 – 4 апта (шілде – қыркүйек 2012ж.)
• Оқудың 3 курсы. 5 жылдық оқуда 4 курста конкурсқа қатысу мүмкіндігі бар. Магистратурада оқығанда– 1-ші курс.
• Неміс тілінің жақсы білімі
• Неміс тілін/германистиканы оқымаған талапкерлерге мамандық бойынша жақсы білім
• Шәкіртақыға талапкерлер неміс жоғары оқу орнында курсты таңдау керек. Таңдаған кезде оның қатысу бағасына да көңіл аудару керек, себебі DAAD шәкірақысы белгілі бір соманы ғана өтейді (200€ шамасында). Егер Сізді қызықтыратын курс DAAD шәкірақсынынан көбірек тұрса, сіз оған қосымша төлеп қатыса аласыз.

Студенттік топтардың танысу сапарлары
Шәкіртақы әр түрлі мамандықтағы студенттер тобына Германияға ЖОО-ның бір жетекшінің басшылығымен танысу тақырыптық сапар жасауға мүмкіндік береді.
Ұзақтығы:
7 – 12 күн
Шәкіртақы:
Тұрмыс пен тамақтануға шығындарды;
Медициналық сақтандыру;
Визалық қолдауды өтейді.
Көлік шығындары өтелмейді!
Конкурсқа қатысу шарттары:
Бір мұғалім басшылымен 10 – 15 студенттер тобы;
Қажет құжаттар:
Сауалнама (On-Line толтырылады)
Қатысушылар тізімі;
Бағдарламада қатысудың толық дәлелдемесі
Сапар жоспары;
Сапарға дайындалу жоспары (Дайындық семинарларды өткізу);
Неміс жоғары оқу орнымен байланыс болғанның дәлелі(шақыру, жазысқан хаттар);
Неміс немесе ағылшын тілдерінің өте жақсы білімі

БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА МАГИСТРАТУРА
Ұзақтығы:
• 1 – 2 жылдық магистратура бағдарламалары (1 жылдық бағдарламалар артық көрінеді).
• Шәкіртақы қысқы семестрдің басынан күшке кіреді
Конкурсқа қатысудың шарттары:
• Бағдарлама шәкіртақыға сұраным 5 жылдан кеш емс болатындай университет бітірген қазақстандық ЖОО бітірушілеріне (бакалаврлар мен мамандар) арналған. Сонымен қатар ақырғы курс студенттері де конкурсқа қатыса алады.

ҒАЛЫМДАР АЙЫРБАСТАУ
Ұзақтығы:
• 1 – 3 ай
• Шәкіртақы күшіне 1 маусым 2012 жылдан ертерек енбейді.
Конкурсқа қатысу шарттары:
• Ғылыми дәреже (ең азы – ғылым кандидаты дәрежесі);
• Университет немесе ғылыми институтта қызмет;
•Германияда үш жылдың ішінде ғылыми машықтануда бір айдан көп болмаған талапкерлер артық көрінеді;
• Германияның профессорымен талқыланған толық және дәл сипатталған мақсаттар;
•Зерттеу өткізудің уақыт көрсетумен, зерттеуде мақсатқа желеуреткен неміс профессорының нақты шақыруы.
Қажетті құжаттар 2 данада ұсынылады:
1. Фотосы бар өтініш;
2. автобиография;
3. зерттеу мақсаттарын толық және дәл сипаттау;
4. жарияланымдар тізімі;
5. уақыт және өткізу жерін көрсетумен жұмыс жоспары;
6. ғылым кандидаты атағы туралы құжат көшірмесі;
7. Германиядан профессордың нақты шақыруы

Әр құжат даналары көрсетілген тәртіппен орналасу керек. Құжаттардың үстінен төлнұсқамен дана болу керек (қолы қойылған өтініш формуляры, түпнұсқалық мөрмен расталған көшірмелер түпнұсқалық мөрмен расталған аудармалар. Екінші дана көшірме бола алады.
Конкурстық саралаудың барлық кезеңдерінде өтініш бірнеше рет көшірілген соң, құжат пакеті мұқаба немесе файлсыз, қағаз қыстырғыш қыстырылмай немесе степлерсіз ұсынылу керек (нотарлдық расталған қыстырылған көшірме және аудармалардан басқа).
Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар қарастырылмайды.
Назар аударыңыздар: бұл бағдарлама бойынша көлік шығындары өтелмейді.

Без рубрики