«Дәстүрлі Еркін Шоу» жобасы


2017-2018 оқу жылында «Дәстүрлі Еркін Шоу» жобасы өз жалғасын тапты. Жобаның мақсаты – студент жастар арасында талантты жас әншілерді анықтап, олардың үлкен эстрадаға шығуына мүмкіндік жасап, қолдау көрсету.

Жобаның бас ұйымдастырушылары — ҚарМТУ-да «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Сейтжаппар Нұртемір (ГПР-16-1топ ст.) және Қаратай Гүлзира (СТ-16-1 топ ст.) болып табылды.

Қараша айының 3-жұлдызында «Дәстүрлі Еркін Шоу» жобасының іріктеу кезеңі өтіп, финалға 7 қатысушы жолдама алған болатын. Жобаның қорытынды кезеңі 2017 жылдың 24-қарашасында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жастар Әлемі» студенттер сарайында өтті. Әділқазылар алқасы құрамын төмендегілер құрады:

  • «Кәусар» өнер мектебінің директоры – Эльмира Сайлаубекқызы;
  • Қарағанды қаласының талантты жас орындаушы – Мұрал Мұхаммедұлы;
  • ҚарМТУ «Вокал» шығармашылық үйірменің жетекшісі – Қуанышбек Бахтиярұлы;
  • «Еркін Шоу» жобасының 2016 жылғы ұйымдастырушысы – Мұратхан Еркін;
  • «Еркін Шоу» жобасының 2016 жылғы бас жүлдегері – Қуатбекқызы Айханым.

Жоба ұйымдастырушылары «Дәстүрлі Еркін Шоу» жобасына қолдау көрсеткен ҚарМТУ «Жас орда» студенттер кәсіподағына, «Кәусар» өнер мектебіне, ҚарМТУ «Серпін» студенттеріне, сонымен қатар видео жолдау арқылы өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, өнерлі студенттерге өмірлік сәттілік тілеген эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиевке, «Жігіттер квартетіне», Роман Майғазиевке, Ердос Қанайға және Кенжебек Жанәділовке үлкен алғыстарын білдірді.

  • «Дәстүрлі Еркін Шоу» жобасының:
  • Бас жүлде иегері – Нақыпбай Саят;
  • 1-орын – Молдақаш Шыңғыс;
  • 2-орын – Керімқұлова Алтынай;
  • 3-орын – Сұлтанбек Нұрлан;
  • «Көрермен көзайымы» номинациясы – «Адай» дуэті.

Жеңімпаздар ҚарМТУ ТІ жөніндегі проректор Н.А. Алпысбаева  атынан дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды (ұялы телефон, «bluetooth» наушник, музыкалық дыбыскүшейткіштер).

Жобаның бас демеушілері — ҚарМТУ «Жас Орда» студенттер кәсіподағы және жобаның бас ұйымдастырушысы (Сейтжаппар Нұртемір).

Без рубрики