«Не? Қайда? Қашан?»


 «Не? Қайда? Қашан?» спорттық-зияткерлік ойынның Қарағанды қаласы әкімінің Ашық Кубок жарысы

 

2012 ж., қараша айының 18-і ҚарМТУ «Жас Орда» студенттер мен магистранттар кәсіподағы Қарағанды қаласының әкімшілігі мен «Не? Қайда? Қашан?» Халықаралық клубтар бірлестігінің қолдауымен Қазақстандағы зияткерлік спорт бойынша ең ірі жарыстардың бірі – Қарағанды зияткерлік қозғалысының 10-жылдығына арналған Қарағанды қаласы әкімінің IV Ашық Кубогын өткізді.

Зияткерлік ойын бойынша жарыс 2012 жылы, қараша айының 18-і, сағат 10.00-да Казахстанская көшесі 1, «Шахтер» стадионның «Жастар» спорт кешені мекен-жайы бойынша өтті.

Жарысқа Қазақстанның алты қаласынан (Қарағанды, Астана, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Павлодар) 41 топ қатысты – бұл ЖОО мен колледж студенттері, оқушылар және Орталық Қазақстанның танымал топтары.

Кубок үш есеп бойынша өтті: мектеп, студенттік және абсолюттік.

Жарыстың мақсаты:

— ҚарМТУ мен Қарағанды қаласында жастар топтарының арасында зияткерлік ойындарды зияткерлік қозғалысты дамыту мен қолдаудың маңыздлы құралдарының бірі ретінде көпшілікке тарату;

-жастардың азаматтық белсенділігін, жауапкершілігін тәрбиелеу;

-қоғамдық қозғалыста басқару қызметтің, қоғамдық бірлестік қызметінің жетекші тәжірибесін, қоғамдық қозғалыстың теория мен практикасында инновациялық амалдардың табысты тәжірибесін анықтау, бағалау және тарату;

Іс-шараның демеушілері болып өз тобын корпоративті есепте ұсынған ҚР ұялы телефон байланыс операторы «Алтел» болды.

Жарыс қорытындысы бойынша I орынға Астана қаласының «Бедлам» тобы ие болды, олар Кубокты жеңіп, олар бірінші орынға дипломмен, медальдермен, ескерткіш сыйлармен, торт және кітаптармен марапатталды. II орынға Астана қаласының «Шұғыл континенталды» құрама тобы ие болды, олар екінші орынға дипломмен, медальдермен, ескерткіш сыйлармен, торт және кітаптармен марапатталды. III орынға Қарағанды қаласының «Парадокс» құрама тобы ие болды, олар үшінші орынға дипломмен, медальдермен, ескерткіш сыйлармен, торт және кітаптармен марапатталды. Ең үздік мектеп тобы № 97 гимназиясының «Валера тобы болды», олар «Ең үздік мектеп тобы» номинациясында дипломмен және ЖШС «Алтел» естелік сыйлармен марапаттады, ең үздік студенттік топ ҚарМУ «Инфаркт» тобы болды, олар « Ең үздік студенттік топ» номинациясында дипломмен марапатталды. Кубоктың ең үздік ойыншысы Жабықов Дамир болды, ол «Жарыстың үздік ойыншысы» номинациясында дипломмен марапатталды, ал ЖШС «Алтел» планшет компьютерін сыйға ұсынды.

Без рубрики