ҚБжР орталығының жетекшісі

Қоғаммен байланыс және рейтинг орталығының жетекшісі -Толеуова Айнагул Рымкуловна

Байланыс мәліметтері:
Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56, бас ғимарат, 246 кеңсе
Тел: 56-75-98 ішкі нөмір (2031)
E-mail:  usrp.kstu@mail.ru

 

Білімі:
1997 — 2002 Қарағанды  металлургия институты, «Металлургия, металдарды термиялық өңдеу техникасы және технологиясы» мамандығы, біліктілігі инженер – металлург
2002 — 2003 Қарағанды металлургия институтының «Металлургия» мамандығы бойынша магистрі, академиялық дәрежесі «Металлургия магистрі»
2009 – 2012 Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша докторантура, академиялық дәрежесі доктор PhD

Жұмыс тәжірбиесі:
2003-2009 — Қарағанды металлургия институтының оқытушысы
2009-2012 — Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, докторантура
2013-2017— Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының меңгерушісі
2017 — қазіргі уақытта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Қоғаммен байланыс және рейтингі орталығының жетекшісі.

 

Міндеттері:

  • халықаралық рейтингтерге тұрақты мониторинг жүргізу, қазақстандық ЖОО мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының әлемдік рейтинг динамикасын қадағалау;
  • университет қызметінің негізгі көрсеткіштерін рейтингтік агенттіктерде көрсету, академиялық рейтингтер бойынша университеттің және басқа да қазақстандық жоғары оқу орындарының қатысуымен өткізілетін салыстырмалы талдаулар жасау;
  • халықаралық рейтинг критерийлерін зерттеу және оларды университеттің ішкі рейтингісіне сәйкестендіру жолдарын іздестіру;
  • қоғамдық қатынастар саласында ұйымның сыртқы және ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеуді ұйымдастыру. Қоғамдық қатынастар саласындағы ұйымның ағымдағы жоспарларын түзету үшін аналитикалық материалдар дайындау;
  • ұйымның қызметіне қатысты экономикалық, әлеуметтік-саяси және әлеуметтік ақпарат жинау және талдау;
  • ұйымның басшылығы мен ұйымдардын әртүрлі топтары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы тұрақты және тиімді екі жақты коммуникацияны қамтамасыз ету;
  • орталық қызметінің бағыттары жөнінде мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара байланыс орнату.

 

Без рубрики