Боулингтен жарыс


14 ақпан күні жол көлік факультетінің кәсіби бюросы белсенділерінің ұйымдастыруымен «Жас Орда» ҚарМТУ студенттері кәсіподағының кубогіне боулингтен факультетаралық жарыс өтті. КарМТУ факультеттерінен құрылған 6 топ: жол көлік, тау-кен, машинажасау, сәулет- құрылыс, энергетика және телекоммуникация, инженерлік экономика және менеджмент факультеттері қызықты боулинг өнерін көрсетті.
БоулингЕкі айналымнан кейін, 101 ұпай нәтижемен, барлық бәсекелестерін артта қалдырып, өз командаларына 3 алтын медаль әкелген және ауысушы кубогтің иегері атанған машинажасау факультетінің тобы, ал екінші орынды 94 ұпай көрсеткішімен инженерлік экономика және менеджмент факультеті алды. Үшінші орынға тау-кен және сәулет- құрылыс факультеттері топтарының арасында тартыс болды, нәтижесінде бір ғана ұпай айырмашылықпен тау-кен факультеті жеңіске жетті.
Сонымен қатар, «Жарыстың ең үздік ойыншысы» номинациясы МФ кәсіби бюросының төрағасы Иванов Сергейге берілді.
Жеңімпаздар медальдар және құрмет грамоталарымен марапатталды. Ойын барысында қатысушылар демалып, уақыттарын қызықты өткізді және жарысты қайта өткізуге тілек білдірді, ал біз өз кезегімізде жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз.
Авторы: Кусбекова Манара

Без рубрики