Болон үдерісі және қазақстандық реалиялар

bjlБелгілі ғалымдар: техника ғылымдарының докторы, ҚазЖҒҰА академигі Юрий Пак және ҚР Мемлекеттік Сыйлығының Лауреаты, ҚР ҒҰА академигі Арстан Ғазалиевтің «Болон үдерісі және қазақстандық реалиялар» атты ғылыми монографиясы жарияланды.

Болон үдерісінің мәселенамасы ең өзектілерінің бірі болып табылады. Жоғары білімдегі Болон өзгерістерге жалпы қоғамның және академиялық жұртшылықтың қызығушылығы орынды болып келеді, себебі Еуропаның  47 мемлекеті жоғары білімнің бірыңғай кеңістігін құру бойынша жалпы Еуропалық жобаға қосылды.

2010 жылы Болон үдерісіне қосылған Қазақстан Республикасы Халықаралық үлгілерге сәйкес жоғары білімді жаңғыртуға ықыласын білдірді.

Қазақстан жоғары мектептің Болон үдерісінде қатысуы қандай дәрежеде негізделген? Жоғары мектепті реформалауға әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік алғыашарттары құрылған ба? Акадмиялық жұртшылық пен бизнес-бірлестіктің Болон үдерісінің принциптер мен жабдығын қабылдауға дайындығы бар ма? Білімнің салыстырмалы сапасын қалай қамтамасыз етуге болады?

Болон үдерісінің өзгерістер контекстінде жоғары білімнің дамуы жөніндегі күрделі мәселелер осы монографиялық жарияланымның тақырыбы болды. Кітап негізіне Болон үдерісі бойынша  шолу-аналитикалық материалдар, Еуропалық мемлекеттердің Білім Министрлерінің коммюнике, осы мәселенама бойынша есепсіз жарияланымдар мен халықаралық конференциялардың материалдарымен  авторлардың зерттеудің жалпылама нәтижелері салынған.

417 беттен тұратын монографияның ерекшелігі – бұл жерде Болон үдерісінің контекстінде жоғары білім реформасының бағыты жөнінде тұжырымдамалық пікір және сын көзқарас беріледі.

Бұл кітап Қазақстандағы Болон үдерісін қарастыру, оның негізгі принциптерін, қазақстандық ақиқатын есепке алып, білім жаһандану жағдайында бірінші талпыныс болып табылады. Ұсынылған материал ғылыми –педагогикалық жұртшылықтың және қазақстандық қоғамның жалпы Болон үдерісі, оның мәселелі жағдайлары туралы хабардарлықты жоғарлатуға және жоғары мектептің жаңғыртудың дұрыс бағдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

30 дамыған елдердің құрамына кіруге мақсат ретінде белгілеген Қазақстан үшін ғылыми-әдістемелік зерттеуді есепке алудың үлкен практикалық маңызы бар, себебі мемлекеттің  тұрақты дамыған экономикасында жоғары білімнің басым рөлін тым бағалау қиын.

Монография туралы ақпаратты:

Жұм. тел.: 8-7212 565249

ұялы тел.: 8-701 3680140

e-mail: pak_gos@mail.ru арқылы білуге болады.

 

Без рубрики