«Біздің көшбасшымыз – біздің күшіміз» атты медиажобасындағы ҚарМТУ жеңісі


2017 ж. 30 қарашасында Серік Сапиев атындағы бокс орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Біздің көшбасшымыз – біздің күшіміз» атты медиажобасы өткізілді. Мерекелік іс-шараның қатысушылары жастар болып табылды. Құрметті қонақтары – ардагерлер, мемлекет Басшысының үзеңгілестері.

Жастар Елбасы үзеңгілестерімен бірге Президенттің ұнатып тыңдайтын мынандай әндерін орындады: «Весна на заречной улице», «Үш Қоңыр». «Волшебная страна» балалар ансамблі халық достастығының биін биледі.

Жоғарғы оқу орындарынан, Т.Я. Бигельдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты және Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің өкілдері тоғыз команда болып, Тұңғыш Президенттің өмірбаянына өз білімдерімен интеллектуалдық викторинаға сайысқа түсті. Әртүрлі: мемлекет Басшысының туылған жерінен бастап бағдарламалық мақалаларының тезистеріне дейін сұрақтар қойылды.

Викторинаның қортындысы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жеңімпаз атанды. Барлық қатысушыларға құңды сыйлықтар табысталды.

Без рубрики