«Біз жарқын болашақ үшін»


2017 жылдың 28 қаңтарында Қарағанды қаласының «Сарыарқа» кинотеатрының алдында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін қолдау мақсатында «Біз жарқын болашақ үшін» атты флеш-моб өтті. Аталған іс-шараға Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Серпін-2050» бағдарлама жастары қатысты.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1-курс студенті Манап Ерғали өзінің берген сұхбатында: «Бүгін мәңгілік ел жастарының жиналып отырған себебі, ол әрине, Елбасымыздың ұтқыр саясаты мен өткір шешімінің арқасында деп ойлаймын. Біз, мәңгілік ел жастары осы Елбасымыздың арқасында осындай іс-шараларға қатысып, өзіміздің патриоттығымызды таныта береміз және де біз Елбасымыздың шешімін әрдайым қолдаймыз», — деп өз лебізін білдірді.

Без рубрики