«Бірлігіміз жарасқан»


2017 жылдың 29-сәуірінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ТК «Армандастар Ордасы» алдында «Бірлігіміз жарасқан» атты жәрмеңке ұйымдастырылды.

Студенттерге Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Аталған жәрмеңкені №1 жатақхана, ТК «Армандастар Ордасы» және «Серпіндестер Ордасы» жатақханалары Студенттер Кеңесі ұйымдастырды.  Әр жатақхананың студенттері өзге ұлт өкілдерінің (№1 жатақхана — өзбек, неміс; ТК «Армандастар Ордасы» — корей, орыс; «Серпіндестер Ордасы» — қазақ, кавказ) дәстүрін, ұлттық тағамдар көрмесін дайындап, келген қонақтарға  өнерлерін паш етті.

Без рубрики