Бірінші курс студенттері арасында «Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруда ҚР Тұңғыш Президентінің рөлі» тақырыбында ағылшын тілінде презентациялар конкурсын өткізеді

28 қараша 2018 жылы сағат 15.05-те 428 аудиторияда «Шет тілдері» кафедрасында кафедра меңгерушісі, доцент, п. ғ. к. Джантасова Дамира Дулатовна басшылығымен, шет тілдері кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша жауапты Изотова А.С., кафедраның аға оқытушылары Какуля Ж.М., Бейсханова С.А., Свич Н.А., Джуманова Л.С., сонымен қатар оқытушылар Ботаева А.У., Тугамбекова М.А. бірінші курс студенттері арасында «Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруда ҚР Тұңғыш Президентінің рөлі» тақырыбында ағылшын тілінде презентациялар конкурсын өткізеді.  (40 студент)

Жоспарлы тәрбиелік іс-шара «Рухани Жанғыру» бағдарламасын, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын, «Отаным-тағдырым» базалық бағытын жүзеге асыру аясында өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты: белсенді азаматтық ұстанымды, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру

Аяқталу көрсеткіші: студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Без рубрики