«Бірінші курс студентінің дебюті» фестивалі


2017 ж. 29 қарашасында К.С. Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрының ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Бірінші курс студентінің дебюті» шығармашылық фестивалі байқауының ақтық мәресі өткізілді.

Дебют – университет біріншікурстарына арналған, әртүрлі салада өз шығармашылық қабілеттерін және өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беретін жылсайынғы іс-шара.

Фестиваль аясында студенттер келесі номинациялар бойынша өздерінің өнерлерін көрсетті:

–  «Үздік вокалдық номері»;

–  «Үздік аспаптық номері»;

–  «Үздік вокалдық-аспаптық номері».

–  «Үздік би номері»;

–  «Өзіндік жанр»;

–  «Үздік флешмоб».

Сондай-ақ, факультет командалары «Үздік қолдау» номинациясы мен байқаудың  басты жүлдесі – Гран-при үшін жарысты.

Қатысушыларды қазылар алқасының құрамындағы қаламыздың танымал мәдениет және шығармашылық өкілдері бағалады.

Фестивальдің қортындысы бойынша әр номинацияда жеңімпаздар анықталып, келесі факультеттердің командалары жүлделі орындарға ие болды:

3 орын – Сәулет-құрылыс факультеті;

2 орын – Тау-кен факультеті;

1 орын – Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті;

Гран-при – Көлік-жол факультеті.

Барлық жеңімпаздар демеушілер мен ұйымдастырушылардан диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Без рубрики