«Бір шаңырақ астында» атты Қазақстан халықтарының фестивалі

2015 жылдың 21 қарашасында «Жастар Әлемі» студенттер сарайында Қазақстан Республикасының Ұлттар достастығына арналған «Бір шаңырақ астында» атты Қазақстан халықтарының фестивалі өтті.
«Еңбегіміздің жаңбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар- сол шаңыраққа шашылған уықтар»,- деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт күн кешсін деген мақсатпен тамаша концерттік бағдарлама өтті. Аталмыш іс- шараға «Серпін- 2050» бағдарламасы бойынша оқитын ГПР-15-1, С-15-1 және РЭТ-15-1 тобының студенттері қатысып, әр топ өзге ұлттың, оның ішінде орыс және өзбек ұлтының мәдениетін, дәстүрін барынша көрсетуге тырысты.

Без рубрики