Кафедра меңгерушісінің түйіндемесі

 

ТОМИЛОВА НАДЕЖДА ИВАНОВНА

техника ғылымдарының кандидаты
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің
ақпараттық-есептеуіш жүйелер кафедрасының меңгерушісі байланыс мәліметтері

 

Мекен-жайы:

Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56, бас ғимарат, 300 кабинеті,

Қызмет телефоны: 8(7212) 56-75-98, іш.2045

E-mail: n.tomilova@kstu.kz

Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: сенбі 14:30-16:00 дейін

Биографиялық мәліметтер:

Томилова Надежда Ивановна 1978 жылы Томск радиотехника және автоматтандырылған басқару жүйелері институтын «Автоматтандырылған жиын, ақпаратты өңдеу және сақтау» тәмәмдады. 1.08.1978 жылы, республикалық жоғарғы оқу орнын бітірген жас маман бағдары бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетке жұмысқа қабылданды. 1978 жылдан бастап осы уақытқа дейін Н.И. Томилова к.ғ.қ. (кіші ғылыми қызметкер), а.ғ.қ. (аға ғылыми қызметкер), инженер-бағдарламашы, аға оқытушы, доцент, декан ретінде университеттің инновациялық технологиялар факультетінде қызмет етті. 2010 жылы 05.25.05 – «Ақпараттық жүйелер мен процестер, ақпараттың құқықтық көріністері» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Н.И. Томилова ғылыми-зерттеулік жұмыспен келесі бағыттар бойынша белсенді айналысады: «Ірі жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің жылу-гидравликалық тәртібін имитациялық түрде үлгілеу», «Электронды оқыту құралдарын әзірлеу, оларды енгізу және бейімдеу», «Сұйық орталардың гидродинамикалық жылытқыштары», «Ақпарат қорғау жүйелері»

60-тан астам ғылыми жұмыстар мен 10 монография, 1 оқулық, 6 зияткерлік меншік куәлігінің авторы және бірлескен авторы болып келеді.

 

 

Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер
Без рубрики