«Білім саясатының орталығы»


Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті

Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56

Тел./факс: 56-88-01

E-mail: kargtu@kstu.kz Ақпараттық хабарлама

www.kstu.kz 12 қыркүйек, 2012

Құрметті редакторлар мен тілшілер!

«Білім саясатының орталығы» ДББҰ «Назарбаев Университет» өкілдері (одан әрі – БСО) «Қазақстан Республикасында халықаралық тәжірибені есепке алып менеджмент жүйесін жетілдіру және білім сапасын қамтамасыз ету» ғылыми-зерттеу жобасын өткізу шеңберінде 2012 жылдың қыркүйек айының 12-сі Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетіне келді.

Іс-шараның мақсаты іргелі тұжырымдылық-әдістемелік, ұйымдастыру-әдістемелік инновациялық үлгілері мен ҚР білімнің сапасы мен басқару тәртіптерін зерттеу.

Жоба шеңберіндегі БСО шетел серіктестігі Жобаның ғылыми жетекшісі, профессор Мэттью Хартли басқаруымен Пенсильвания Университеті болып келеді.

Кездесу барысында Қазақстанның жоғары білім жүйесіндегі қажетті реформалар, Университет дамуындағы маңызды өзгерістер сонымен қатар Университеттің даму жолындағы беттескен және беттесетін жағдайлар сияқты маңызды сұрақтар қарастырылды.

Кездесу шеңберінде профессор Мэттью Хартли «Болон процесін енгізу мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинарда «Қазақстан Республикасында халықаралық тәжірибені есепке алып менеджмент жүйесін жетілдіру және білім сапасын қамтамасыз ету» тақырыбына баяндамамен шықты.

Қонақтарды ҚарМТУ ректоры, Қазақстан Республикасы Ғылымдарының
Ұлттық академиясының академигі Ғазалиев А.М. қарсы алды. Қонақтарға Университет бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды, оның барысында қонақтар зертхана, кітапхана, және А.С.Сағынов атындағы инновациялардың көрме залына кіріп шықты.

Без рубрики