Білім менеджментіндегі мамандандырылған магистратура

 2013 ж., қыркүйек айынан бастап Назарбаев Университеті білім менеджментінде мамандандырылған магистратура бағдарламалары бойынша  —Educational Leadership оқытуды бастайды. Барлық студенттерге оқу гранттары ҚР БҒМ ұсынылады. Университетте оқу мен тұрмысқа ыңғайлы материалдық-техникалық базасы бар.

Магистерлік бағдарламалар халықаралық деңгейдегі университет-серіктестермен құрылған: мектеп білімі бойынша бағдарламаны орта білім зерттеудегі көшбасшы – Кембридж университеті (Ұлыбритания), жоғары білім бойынша бағдарламаны –жоғары білімін басқару ісіндегі көшбасшы — Пенсильвания университеті (АҚШ) құрды. Студенттер мектеп немесе жоғары білімдегі менеджментінде мамандықты таңдай алады.

Магистерлік бағдарлама бойынша оқу мерзімі – бір жыл, оқу ағылшын тілінде шетел профессорларымен жүргізіледі.

Барлық қызығушылық білдіретіндерді ҚарМТУ-дың бас ғимаратының 335 каб., 2013 ж., сәуір айының 25-не дейін IELTS нәтижелерін және электрондық пошта адресімен жазылуды сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша осы пошта gse@nu.edu.kz және 8 (7172) 70-63-71, 70-66-28 тел.арқылы хабарласыңыз.

Без рубрики