«Білім беру мекемелерінде балалардың техникалық шығармашылығын дамыту» біліктілікті арттыру курстары


7- 16 қыркүйек аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық және Қарағанды мемлекеттік университетінің қолдауымен қосымша білім беру педагогтарына, Ақмола, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының техникалық бағыттағы мектептік үйірмелер директорларының орынбасарлары  мен  жетекшілеріне арналған республикалық «Білім беру мекемелерінде балалардың техникалық шығармашылығын дамыту» біліктілікті арттыру курстары өткізілді.

Курс  Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды қ-ның Балалар мен жасөспірімдер  сарайының қолдауымен ұйымдастырылды. Сабақтарды ҚарМТУ,ҚарМУ,БЖС, Саран қ-ның техниктер станциясының, облыстық техникалық спорт түрлері мектебінің мұғалімдері өткізді.

Без рубрики