Аина Бекежанова

TCS бағдарламасы Turkiye Cumhuriyeti Sinavi (Түрік Республикасының сынағы), көп жылдар бойы Қазақстанда бар.Түрік Республикасының Үкіметі,Түрік Республикасының жоғарғы оқу орындары келесі мамандықтар бойынша : «Бағдарламашы-инженер», «Нанотехнология, химия, физика», «Биотехнология», «Экономика», «Авиация инженері, машинажасау», «Халықаралық қатынас», «Тағам өндірісі», «Геология», «Геофизика», «Индустрия», «Тау-кен ісінің инженері», «Телекоммуникация», «Ақпараттық қауыпсіздік ақпаратты жүйеде», «Тоқымалық бұйымдар инженері», «Мұнай және газ инженері», «Металлургия», «Архитектура», «Инженер-құрылысшы», «Мемлекеттік басқарма», «Туризм», «Жеңіл өндіріс технологиясы», «Балықты шаруашылық» грант, магистратура және докторантура бағдарламасын ұсынады.
2010 – 2011 оқу жылында магистратура бағдарламасымен 39, докторантура бағдарламасымен 6 үміткер түсті.Оның ішінде 15-сі Анкара қаласында, қалған 30 Стамбулда оқиды.
Білім алудың бірінші жылы бағдарламадан тәуелсіз түрік тілі оқытылады, курстың аты TOMER, Анкара университетінің маңында. Анкара университетінде Әзірбайжан, Тәжікістан, Түркіменістан, Қырғызстан, Өзбекістан, Қытай, Корея,Ауғаныстан, Албания, Африка және т.б өкілдері көп.
Басында бізді түрік тілін білу деңгейімен бөлді, өйткені арамызда түрік лицейлерін бітірген студенттерде болды (түрік тілін бұрыннан оқып білетін, және біз, тілді білмеген студенттер, алфавиттен оқып бастағандар). Тіл соншалықты қиын емес, біздің қазақ тілге өте ұқсас. Университетте TCS бағдарламасын құрған күннен істейтін маманды оқытушылар бар. Сабақтар аптасына 24 сағат өткізіледі. Әрбір деңгейден кейін емтихан тапсырылады, ол бес бөліктен тұрады : Сұхбат (сөйлесу тілінің деңгейін тексеру), Грамматика, Тыңдау (аудио, видеоның көмегімен тілдің қабылдауын тексеру), Оқу (мәтінді оқып, бірнеше тапсырма орындау), Мазмұндама. Бәріне белгілі бір уақыт беріледі, және оған сәйкес баллдар қойылады. Барынша мөлшер – 100 балл, келесі кезеңге өту үшін 60 балл алу қажет, бірақ әрбір кезеңнің өтім баллдары бар. Сабақтан басқа түрлі ұйым-шаралар өтеді, ол жерде әрбір елдің өкілдері өз мәдениетін таныстырады.
TOMERді бітірген соң TCS (Түрік Республикасының емтиханы) өткізіледі, солардың нәтижелері бойынша біз Турция университтеріне құжат тапсырамыз. Әрбір университеттің өз құжат дестесі бар. Білім алу ағылшын тілінде болады (бастан аяқ), ағылшын 30% және 70% түрік, және бастан аяқ түрікше.

Анкарада және жалпы Турцияда Қазақстан студенттеріне деген қарым-қатынас өте жақсы. «Қазақстан» деген көше бар және біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш бар.

Біздің Президентіміз Н.А.Назарбаевқа көрсетілген абырой, дарынды жастар үшін аралық білім алуға мүмкіндік берген үшін алғыс айтқымыз келеді. Университеттің оқытушылары және халықаралық бөлімінің қызметкері Б.Р.Жолмағамбетоваға көрсетілген түсіністік пен тірек үшін үлкен рахмет.
Шетелдн оқу және өмір сүру – әрдайым қиын, бірақ осы жерде өзімізді жайлы сезінеміз, тәуелсіз және аса жауапты, өйткені біз өзіміздің туған еліміз Қазақстанның өкілдеріміз.
Аина Бекежанова
2010 жылдың түлегі,
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті,
Энергетика, байланыс және автоматтандыру факультеті,
Телекоммуникация жүйенің байланыс кафедрасы,
«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы,
Ankara Universitesi, TOMER
2010 – 2011

Без рубрики