Басты

Кафедраның ең басты мақсаттарының бірі қатты денелер механикасы аумағындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту болып табылады және олардың нәтижелерін оқу процесіне ҚарМТУ-дың әр-түрлі мамандықтарының бакалаврларын екі тілде жалпы кәсіби және базалық пәндер бойынша дайындауға енгізіледі: теориялық механика, инженерлік механика 1,2,3, материалдар кедергісі, механика, қолданбалы механика, сызба геометриясы және инженерлік графика.

Осыған байланысты ғылыми және оқу қызметінің сәйкестігі мамандықтарды дайындау сапасын жоғары көтеріледі. Оқу барысында студенттер конструкция элементтері мен машина бөлшектерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеудің жетілдірілген әдістеріне үйренеді, машиналар мен механизмдерді құру негіздерін және оларды сенімді қолданылуын қамтамасыз етуік, сонымен қоса материалдар шығынының экономикалық тиімділігіне жетуін оқиды.

Көп есептейтін және күрделі есептеу процесін түсіну үшін электронды-есептеуіш техникасы кеңінен қолданылады, ол есептеудің барлық кезеңдерін автоматтандырады, сонымен бірге тиімді жобалау сұрақтарын шешуіді қосады.

Студенттердің «Механика» кафедрасында алған білімдері арнайы және профильді пәндерде оқуда іргелі негіз болады, сонымен бірге жоғарғы категориялы мамандықтарды дайындауда магистратура және PhD – докторантура арқылы кезеңді процестің негізі болады.

Кафедра дамуының перспективасының бірі профессорлік оқытыушы құрамының ғылыми және оқу — әдістемелік материалдар (монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, методикалық нұсқаулар, ғылыми мақалар, нұсқаулар) комплексінің дайындалуы және басылымына қатысады, яғни Қазақстанда және жақын шетелдерде таратылатын.

Без рубрики