Басты


Кафедра — қазақ тілі мен іс жүргізуге үйрете отырып, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше.
Кафедра жұмысы студенттердің қазақ тілін оқып, түрлі коммуникативтік салаларда – қоғамдық-саяси, оқу-кәсіби, әлеуметтік тұрмыстық салаларда – мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне бағытталған.
Оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және тағы да басқа жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарларға сәйкес кафедра өз жұмысын жүргізеді. ҚТжәне М кафедрасы оқу процесінің ғылыми ұйымдастырылуының негізгі теориялық және практикалық аспектілері мына бағыттардан көрініс табады:

— оқу процесін жоспарлау, орындау және тексеру;
— оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
— студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы;
— тәрбие жұмысы;
— мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар;
— сыртқы ортамен байланыс орнату және дамыту.

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары «Қазақ тілінің практикалық курсы» пәнін университеттің барлық инстиутуттарының 1-курс студенттері үшін жүргізеді.

Без рубрики