Басты

Кафедраның мақсаты: – оқу үрдісінің сапалық және сандық көрсеткіштерін жақсарту; – оқу-әдістемелік үрдісінің тиімділігін жоғарлату; – iргелi және қолданбалы зерттеулердiң кешенiн дамыту, оқытушылармен студенттердi ғылыми жұмысқа тарту ; –тәрбиелiк жұмыс негiзiнде студенттерді жан-жақты дамыту.

Кафедра келесі мамандықтарды дайындайды: бакалаврбойынша 5В071200 «Машина жасау», 5В073200 «Стандарттау, сертификаттаужәне метрология (салалар бойынша)», магистратура бойынша – 6М071200 «Машина жасау», 6М073200 «Стандарттаужәне сертификаттау (салалар бойынша)», 6М075000 «Метрология», докторантурабойынша – 6D071200 «Машина жасау».

Кафедра білім беру үрдісінде бастаушы ЖОО төңірегіндегі білімнің сапасын жоғарлататын, оқытушылардың оқу-әдiстемелiк және ұйымдастыру жұмысындағы шығармашылық белсендiлiгін арттыратын ғылыми — педагогикалық жұмыстарды қолданады. Кафедра заманауи тәжірбиелік және зертханалық базамен жабдықталған және де оны жетiлдiру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. МТ кафедрасы құрылған кезден бастап тек ҚарМТУ төңірегінде ғана емес, Қазақстан. Республикасындағы көшбасшы кафедралардың бірі болып саналады.

«Машина жасау технологиясы» кафедрасы жоғарғы білікті мамандарды дайындаумен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiнiң дамуына үлес қосуы арқылы біздің еліміздің әлемдік бірлестікте сенімді орын алуды қамтамасыз етеді.

Без рубрики