Басты

Физика кафедрасының білім саласындағы қызмет көрсетуінің ең басты мақсаты тұтынушылардың үмітін ақтау. Кафедра миссиясы тиімділігі жоғары еңбек ету жолымен оқушыларды дайындауга жасауға ғылым, техника және технология саласында білім мен тәжірибе беруді қамтамасыз етуімен қорытындыланады.

Басты мақсаттарға жету үрдісінде 7 стратегиялық бағыттар жүзеге асырылуда.

«Инженерлік қызмет саласында мамандарды дайындау жүйесін жетілдіру» стратегиялық бағыттардың мақсаттары: — өндіріс салаларын қоғамның талаптарына сай келетін білікті мамандармен қамтамасыз ету.

«Профессорлар-оқытушылар құрамдарының сапасын жоғарылату» стратегиялық бағыттардың мақсаттары: Толассыз  өзінің білімін жетілдіріп отыратын және, кәсіпті ғылыми практикалық қызметпен айналысуға байланысты кафедра бағыты бойынша академиялық жаңа ұтқыр үлгідегі педагогтарды дайындау;

Профессорлық- оқытушылар құрамының кәсіби білімін жоғарылату және қайта дайындаудан өткізу жолымен кадрлар потенциалын күшейту. «Оқу-әдістемелік жұмыстарды жаңашаландырып дамыту» стратегиялық бағыттар мақсаттары  болып табылады:

Интегралданған негізгі мәселелер —  белгіленген оқыту және машықтану мен білімнің жаңа әдістері стратегияларын енгізу; Қазіргі заманғы жаңа технологияны енгізу жолымен оқыту сапасын жақсарту, техникалық білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту; Студенттерге кеңес беру және оларды қолдау жүйесімен қамтамасыз ету.

«Бәсекелестікке қабылеттілікті дамыту және білім беру қызметінің спектрін кеңейту», стратегиялық бағыттардың мақсаттары республика мен аймақтың басым бағыттағы озық даму мәселелерін шешуге нысаналанған техника мен технология саласында бәсекелестікке қабылетті зиялы кадрлар потенциалын,  биотехнологиялар; тау-кен металлургиялық секторларға арналған технологиялар және солармен байланысты қызметкөрсету салалары; ақпараттық және космостық технологиялары құру болып табылады.

«Ғылыми-зерттеу қызметтерін жетілдіру», стратегиялық бағыттардың мақсаттары  іргелі және қолданбалы зерттеулер базасында жана биотехнология әзірлемелері бойынша инженерлік технологиялары мен тау-кен металлургия кешендеріне арналған құралдар, құрылыс технологиясы, көлік техникасы, машина жасау, автоматтандыру, электр энергетикасы, ақпараттық технологиясын жасау болып табылады.

«Жоғарғы оқу орындары материалдық-техникалық базаларын жетілдіру және нығайту» стратегиялық бағыттдың мақсаттары:

— үнемі жаңаланып отыратын ғылыми-эксперименттік, оқу-әдістемелік және технологиялық жаңа базаларды құрып  дамыту;

— Кафедра аралық ғылыми-зерттеу зертханаларын, дәрісханаларды жасақтауды жақсарту;

— студенттердің жатақханаларда тұру жағдайларын жақсарту;

— «Корпоративтік университет» Консорциумы кәсіпорындарында оқу-ғылыми-зерттеу зертханаларын құру.