Басты

«Информатика» пәні негізгі пәндердің жалпы білім циклына кіреді.

Пәннің мақсаты

Берілген пәнді зерделеудің мақсаты информатиканың дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру; дискретті математика элементтерімен таныстыру; есептелінетін жүйе архитектурасы, операциялық жүйелер мен желілер туралы түсінік беру; студенттерге алгортимдер мен блок-схемаларды құруды үйрету; компьютерлік графика негіздерімен және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларымен таныстыру болып табылады.

Пәннің міндеттері келесідей: студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді құруды жəне қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқыту; қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін жəне олардың даму перспективасын игеру; компьютерлік желілер мен компьютердің программалық жəне аппараттық жабдықтарының перспективалары мен жағдайларын игеру.

Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттердің:

– ақпараттанудың негізгі бағыттары туралы;
– қазіргі замандағы ақпараттық жүйелерді құру принциптері туралы;
– жаңа дербес компьютерлер мен қазіргі замандағы бағдарламалық қаматамасыздандырулар туралы;
– алгоритмдер және бағдарламаларды жобалау әдістері
туралы түсіну керек:
– ақпараттану және есептеу техникасының негізгі түсініктерін;
– ақпараттанудың даму тарихын;
– жасанды жүйелердегі ақпараттық процесстердің ағымдылық заңдарын;
– ДЭЕМ құрылысы мен жұмысістеу принциптерін;
– ДЭЕМ бағдарламалық қаматамасыздандыруларын;
білуі керек:
– ақпараттану саласының барлық жаңалықтарын өзіндік меңгеруді;
– көптеген сыртқы құрылғылармен жұмыс істеуді;
– жоғарғы деңгейдегі тілдерде есептерді бағдарламалауды;
– компьютерлік желілер қызметтерін пайдалануды істей алуы керек;
– жалпы білімдік және инженерлік есептерді алгоритмдеу және бағдарламалаудың тәжірибелік әдістерін сіңіруде;
– әртүрлі сыртқы құрылғылармен жұмыс істеуде;
– жүйелік және қолданбалы бағдарламалар құралдарымен жұмыс істеуде;
– жергілікті желіде және телекоммуникация жүйесіндежұмысістеуәдістерінде практикалықдағдыларыниеленуікерек.

Без рубрики