Басқарушылардың биографиясы


Ғылым Департаменті

 

Сулеев Бахтияр Даниярович

Ғылым және инновациялар департаментінің директорының м.а., PhD.

2010 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін 5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітіріп, «көлік бакалавры» академиялық дәрежесі берілді.

2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін 6М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітіріп, «техника ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілді.

2016-2019 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің докторантурасында 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша оқыды.

2019 жылдың 1 қарашасында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Құрылыс жол машиналары» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істей бастады.

2021 жылғы қыркүйектен бастап ғылым және инновациялар департаменті директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Құрылыс, жол және көтергіш-көлік машиналары саласындағы маман. 30-дан астам ғылыми еңбектердің авторы. Оның ішінде 1 монография, «Scopus» деректер базасында индекстелетін 2 мақала, 4 ҚР патенті, оның ішінде 2 ҚР инновациялық патенті және 2 ҚР пайдалы моделіне патенті бар.

 moiseev

Моисеев Валерий Семенович

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің ғылым Депатаментінің бас эксперті, техникалық ғылымдар кандидаты, доцент.

Қарағанды қаласында 1949 жылдың 4 кыркүйек күні дүниеге келген.

1966 жылы №73 орта мектебін бітірді.

1966-1971 жылдар аралығында Қарағанды политехникалық институтында (ҚарПТИ) оқыды;

1971-1973 жж.- ССРО қарулы күштерінде қызмет етті.

1974 жылдан бастап қазіргі күнге дейін- ҚарМТУ-да (ҚарПТИ-да) инженер, ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы, ҒБ және ХЫ ғылыми хатшысы және ҒД эксперті қызметтерінде еңбек етеді.

Экспериментті машиналар саласында маман, 70-тен астам ғылыми еңбектері бар.

Контакттік мәліметтер:

Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ. 56, бас корпус, 224 кабинет.

Қызмет телефоны: 8 (7212) 56-52-34 (ішкі: 1052)

Е-mail:  nauka-kstu@mail.ru , science@kstu.kz

 

 

Без рубрики