Балабекова Кырмызы Гинаятовнаның докторлық диссертация қорғау туралы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Балабекова Кырмызы Гинаятовнаның 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша «Мобильді жол өтпесі құрылымының жұмысын зерттеу және негіздеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

  1. Орынбасаров Амангельды Сатыбалдиевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Виртген Казахстан» ЖШС директорының орынбасары;
  2. Бақыт Ғабит Бақытұлы – философия (PhD) докторы, М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясының «Жылжымалы құрам» кафедрасының доценті.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Кадыров Адиль Суратович – техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының профессоры.
  2. Тимухина Елена Николаевна – техника ғылымдарының докторы, Урал мемлекеттік қатынас жолдары университетінің профессоры (Ресей Федерациясы).

Қорғау 2018 жылғы 19 қазанда, сағат — 09.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56,   бірінші корпус, 319 дәрісхана.

Сайт адресі: www.kstu.kz,  e-mail: 06_03_92@mail.ru

Құжаттар:

Ссылка на видео

Без рубрики