«Байланысты орнатайық!»


Қазанның 11 күні Қарағандыда Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетінің негізінде бас корпустың акт залында «Байланысты орнатайық!» студенттік марафон қатысушыларының марапаттау өтті. ҚарМТУ «Жас Орда» студенттер мен магистранттар кәсіби одағы Beeline ұялы телефон операторының демеуімен 22.09.2011 ж.- 24.09.2011 аралықта болған «Байланысты орнатайық!» атты студенттік Квест марафонның жеңімпаздарын марапаттауын өткізді.
ҚарМТУ «Жас Орда»студенттер мен магистранттардың кәсіби одағы және Beeline компаниясы ҚарМту студенттері арасында өзара тиімді қызметтестік үшін жарнамалық акцияларды жыл сайын өткізеді. Корпоративті ұялы телефон байланысты әйгілеу үшін бірінші курс студенттердің арасында марафон өткізілді. Кәсіби одақтың студент-активисттері ұйымдастырушылар болды.Осы шараның басты мақсаты бірінші курс студенттерін ЖОО-ның басты оқу бөлімшелерімен таныстыру болды. Осындай конкурстар бірінші курс студенттерін озықтардың озығы болуға стимул ғана бермей, сонымен қатар басшылыққа, жауапкершілікке, жоғары сапалы жұмысқа, ұжымның бірлесуіне, топта жұмыс істеуге тәрбиелейді. Жеңімпаздар мен қатысушылар мақтау қағазы мен сыйлақтармен марапатталды.

 

 

Без рубрики